Kurultai banner mobile

Қоғам

«Құрмет» орденінің иегері Ольга Ростовщикова сайлауға қатысты

Петропавлдағы №32 орта мектепте орналасқан №613 сайлау учаскесінде дауыс беру жалғасып жатыр. Көпшіліктің қатарында “Sensitive” би театрының жетекшісі, «Құрмет» орденінің иегері Ольга Ростовщикова да бар. Елімізге танымал азаматшаның айтуынша, өнер саласы өкілдері бүгін жұдырықша жұмылған. Олар таңнан бері белсенді түрде таңдау жасауда.

ОЛЬГА РОСТОВЩИКОВА, “Sensitive” би театрының жетекшісі:
– Мен үшін сайлауға қатысу – азаматтық жауапкершіліктің көрінісі. Құрылтай – өз ойыңды білдіріп, ел дамуына үлес қосуға мүмкіндік беретін маңызды алаң. Қазақстанның болашағы әрқайсысымыздың белсенді азаматтық ұстанымымызға байланысты. Мәдениет саласының өкілдері де бұл үдерістен шет қалмай, елдің келешегіне бейжай қарамай, белсенді түрде қатарда жүр.

Жансая Дербисова