Қоғам

Қазақстанда сайлау учаскелері жабылды

Қазақстанда тұңғыш рет ұйымдастырылған Құрылтай сайлауы аяқталды. Тура 20:00-де Петропавлдағы №613-ші учаске жұмысын тоқтатып, ресми түрде жабылды. Ол С.Мұқанов атындағы №32-ші мектепте орналасқан. Мұнда 1600-ден ден астам адам тіркелген. Бүгін тізімге енген жерлестеріміздің 67 пайызы өз таңдауын жасады. Дауыс берушілерге таңнан кешке дейін 7 комиссия мүшесі қызмет көрсетті. Бақылаушы да саяси науқанды назарда ұстады. Мамандар заңға қайшы әрекет тіркелмегенін алға тартады.

НАТАЛЬЯ ЗАВЕРТУНОВА, №613 учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы:
– Бүгін 7 жас азамат алғаш рет дауыс берді. 5 адамның үйіне бардық. Шын мәнінде, белсенділік өзге саяси науқандардан жоғары болды. Бұзушылық тіркелген жоқ. Құрылтайдан күтерім көп. Ең бастысы, дамудың даңғыл жолына түсеміз деп ойлаймын.