Елден ерекшеленген еркелер! Петропавлда қалыңдық көйлегін киген қыз-келіншектер сайлау учаскелеріне келді. Олар Әлихан Бөкейхан атындағы №25 жалпы білім беретін мектеп қабырғасында дауыс берді. Шын мәнінде, бұлар шаңырақ көтергелі жатқан азаматшалар емес. Нәзікжандылар арнайы жоба аясында саяси науқанға қолдау көрсетуді ұйғарған.
ОКСАНА МОРОЗОВА, жоба жетекшісі:
– “Қалыңдық болуға асыққандар” атты жобаны биыл ойлап таптық. Бастама аясында біз ақ көйлек киіп, қаланы аралаймыз. Бұл нәзікжандыларға бір сәт үйдің шаруасынан тынығуға көмектеседі. Ал бүгін барша азаматшаларды саяси науқанға қатысуға шақыру мақсатында учаскеге осылай киініп келдік. Ел тағдыры шешілетін сайлауға барлығымыз белсенді қатысуымыз керек.
Нурасыл Ахмет

