Петропавлдағы №593 сайлау учаскесі Әуезов көшесі бойындағы Халыққа қызмет көрсету орталығында орналасқан. Бұл жерде 1882 адам дауыс беру қажет. Олардың 5-еуі – мүмкіндігі шектеулі жан. Қазір халық нөпірі сейілген. Тұрғындардың басым бөлігі түске дейін таңдау жасаған екен. Сайлау барысын байқаушы Даяна Баймұқанова кірпік қақпай қарап отыр. Ол учаске ашыла сала жауапты жұмысқа кірісіпті.
ДАЯНА БАЙМҰҚАНОВА, байқаушы:
– Еліміз үшін өте маңызды күн. Мен таңда дауыс бердім, қазір сайлау учаскесінде байқаушы болып отырмын. Ешқандай бұзушылық тіркелген жоқ. Сайлау ұйымдасқан түрде өтуде.
Жаннур Бектурганова