Қоғам

№672 сайлау учаскесінде 1600-ден астам адам дауыс бере алады

НҰРАСЫЛ ЕРЖАНҰЛЫ: тілші:

– Ел үшін тарихи күнге келіп жеттік. Қазақстан Құрылтай сайлауы басталды. Біз қазір Петропавлдағы №28 жалпы білім беретін мектепте тұрмыз. Мұнда №672 сайлау учаскесі орналасқан. Таңғы сағат 7:30 болғанына қарамастан тұрғындар дауыс беруге келіп жатыр, келіп жатыр.

№672 сайлау учаскесіне 1600-ден астам адам тіркелген. Мұнда “Орман”, “Бірлік” және “Солнечный-2” шағын аудандарының тұрғындары келіп, өз таңдауларын жасай алады. Таңғы уақыт болса да жастарымыз да өте белсенді. Медициналық колледждің студенті Диас Керейбаев сайлауда алғаш рет дауыс беріп тұр. Ол саяси науқанға қатысуды азаматтық борышым деп санайды.

ДИАС КЕРЕЙБАЕВ, Ж. Тілеулин атындағы Солтүстік Қазақстан жоғары медициналық колледжінің студенті:
– Учаскеге келер алдында толқу сезімі болды. Комиссия мүшелері маған көп көмектесті. Бұған дейін партияларды әрқайсысын зерттеп шықтым. Дұрыс таңдау жасадым деп сенемін. Құрылтай сайлауынан кейін еліміз дамудың даңғыл жолына түседі деп ойлаймын.

Комиссия мүшелері дауыс беру барысын бақылауда ұстады. Ең бастысы – тәртіп пен заң талаптарының сақталуы. Келушілер үшін кіреберісте референдумға қатысу ережесі ұсынылған.

ГҮЛЖАН ЖАҚАНОВА, №672 учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы:
– Мүмкіндігі шектеулі жандарға да бар жағдай жасалған. Кіреберісте пандус, ал ғимарат ішінде арбамен жүретін азаматтар үшін баспалдақсыз кең кеңістік бар. Нашар көретін адамдарға тактильді жолақтар төселген.

Учаскеге кіреберіс аймақта әлеуметтік маңызы бар өнімдердің жәрмеңкесі қанат жайған. Мұндағы тауарлардың бағасы дүкендегіден 15-20 пайызға арзан.

АСЫЛБАЙ ИГЕНОВ, қала тұрғыны:
– Елде өтетін сайлаулардан қалмаймын. Жәрмеңкеден үйге керекті заттарды арзан бағаға алдым.

Айта кету керек, облыста 543 сайлау учаскесі бар. Оның 92-сі Петропавлда орналасқан.

Нурасыл Ахмет