Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігімен бірлесіп, үй жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет алып жүрген мүгедектігі бар балаларды сүйемелдеудің жаңа жобасын іске қосады. Бұл бейінді министрліктің сайтында жазылды. Енді ұл-қыздарға үйде көрсетілетін үйреншікті әлеуметтік қызметтермен қатар, бейінді мамандардың қашықтан көмегі де ұсынылады. Аталған әдіс балалар мен олардың отбасыларына қажетті көмекті қолжетімді етуге мүмкіндік береді. Әсіресе аудан орталығынан немесе облыс орталығынан шалғай елді мекендерде тұратын отбасылар үшін мұндай қолдау маңызды болмақ. Жобаның алғашқы кезеңінде кембағал 180 балаға дейін қамту жоспарланып отыр. Қатысу ерікті түрде жүзеге асырылады. Ол үшін баланың заңды өкілінің жазбаша келісімі қажет. Барлық қатысушыға бірдей тәсіл қолданылмайды. Әр баланың жағдайы жеке бағаланып, қажетті көмектің түрі мен көлемі соған қарай белгіленеді.
Байболат Култанов

