Kurultai banner mobile

Қоғам

“Абылай хан резиденциясы” музей кешенінің ашылғанына 18 жыл толды

Бүгін “Абылай хан резиденциясы” музей кешенінің ашылғанына 18 жыл толды. Тарихи орын 2008 жылы күрделі жөндеу көріп, қайта қолданысқа берілген. Мұражай ұлы тұлғаның өмір жолы қамтылған жәдігерлерге толы. Музейде барлығы 4 экспозициялық зал бар.

АЯН САДАЕВ, “Абылай хан резиденциясы” музей кешенінің директоры:
– Біздің музейге шет мемлекеттерден де адамдар келеді. Абылайдың ақ үйінде мектеп оқушылары мен студенттерге арналған шараларды көп өткіземіз.

Музей 1765 жылы Абылай ханның өтініші бойынша ағаш үй ретінде салынған. Бұл жай ғана баспана емес, шиеленісті мәселелер талқыланған орын болды. Ақ үйдің жалпы ауданы 1300 шаршы метрді құрайды. Мұнда барлығы 700-ден астам экспонат бар. Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің аға оқытушысы Ақмарал Досжанова данқты қолбасшыны зерттеу үшін Петропавлға арнайы келген. Ол алдағы уақытта өңірді аралап, Абылай хан жайлы тың деректер табуды көздеп отыр.

АҚМАРАЛ ДОСЖАНОВА, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің аға оқытушысы, Алматы қаласы:
– Музей кешенін аралап жүрмін. Құнды жәдігерлерді қайта-қайта көргім келе береді. Аталған мекемеге келу менің арманым болатын.

Музей Абылай хан қолданған ыдыс-аяқ, киім-кешектерге толы. Мұнда қолбасшының оқыған кітаптары мен картиналары да жетіп артылады. Мекеме жастарға сан қырлы тарихымызды жетік білуге, зерттеуге, сонымен қатар, мол тағылым жинауға мүмкіндік береді.

 

 

 

Жансая Дербисова