Kurultai banner mobile

Қоғам

Сайлау күні қазақстандықтар сайлау учаскесі орналасқан мекенжай бойынша бір күнге тіркеле алады

Әр азаматтың дауысы маңызды! Құрылтай сайлауы күні тұрғылықты жері бойынша тіркеуі жоқ қазақстандықтар таңдау жасау үшін сайлау учаскесі орналасқан мекенжай бойынша бір күнге тіркеле алады. Бұл қызметті учаскелерде таңғы 7-ден кешкі 8-ге дейін халыққа қызмет көрсету орталығының мамандары көрсетеді. Тіркеу саяси шараға қатысу мақсатында тек тамыздың 23-ші жұлдызына рәсімделеді. Келесі күні тіркеу автоматты түрде жойылады. Егер сайлау учаскесі мектепте, колледжде, университетте немесе басқа да мекемеде орналасса, азамат сол нысанның мекенжайы бойынша тіркеледі.

Байболат Култанов