Әр азаматтың дауысы маңызды! Құрылтай сайлауы күні тұрғылықты жері бойынша тіркеуі жоқ қазақстандықтар таңдау жасау үшін сайлау учаскесі орналасқан мекенжай бойынша бір күнге тіркеле алады. Бұл қызметті учаскелерде таңғы 7-ден кешкі 8-ге дейін халыққа қызмет көрсету орталығының мамандары көрсетеді. Тіркеу саяси шараға қатысу мақсатында тек тамыздың 23-ші жұлдызына рәсімделеді. Келесі күні тіркеу автоматты түрде жойылады. Егер сайлау учаскесі мектепте, колледжде, университетте немесе басқа да мекемеде орналасса, азамат сол нысанның мекенжайы бойынша тіркеледі.
Байболат Култанов

