«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ «Игілік», «Береке» және «Жайлау» бағдарламалары бойынша бес әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияны қаржыландырды. Берілген қаржылай көмектің жалпы сомасы 49 млрд теңгеге жуықтайды. Оған Жамбыл, Батыс Қазақстан, Ұлытау, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы корпорациялар ие болды. Қомақты ақшаны жергілікті кәсіпкерлер асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға жұмсай алады. Серіктестіктерге 5 млрд теңгеге дейін 6 пайыздық мөлшерлемемен несие беріледі. Қаржыландыру мерзімі – 84 ай.
Нурасыл Ахмет

