Kurultai banner mobile

Қоғам

Абылай ханның ескерткішіне гүл шоқтары қойылды

Петропавлда қазақ тарихында ойып тұрып орын алатын тұлға Абылай ханның 315 жылдығы кең көлемде аталып өтті. Мерекелік шаралар данқты қолбасшының ескерткішіне гүл шоқтарын қоюдан басталды. Салтанатты рәсімге еліміздің түкпір-түкпірінен белгілі академиктер шақырылған. Мерекелік шараға Абылай ханның сегізінші ұрпағы Әлия Нұғман арнайы келген. Азаматшаның сөзінше, бабасы қазақ халқы қиын кезеңді бастан кешіріп жатқан кезде басшы болған. Тіпті, әлем бетінен жоғалып кету қаупі жоғары еді. 18-ғасырда кең даламыз қанға боялды. Жоңғарлар еш ескертусіз жерімізге басып кірді. Сонымен қатар, бізді естектер мен казактар да шапқан. Алмағайып заманда ұлы тұлға үш жүздің басын қосты, күш жинады, барлық жауды бірінен соң бірін даламыздан қуып шықты. Әлия Шерниязқызы Абылайдай ұрпағы болғанын мақтан тұтады.

ӘЛИЯ НҰҒМАН, Абылай ханның сегізінші ұрпағы:
– Абылай ханның ұрпағы болу мен үшін абырой, сонымен қатар, зор жауапкершілік. Абылай хан менің ғана емес, бар қазақтың атасы.

Әлия Шерниязқызы Қызылжарда Абылай ханның атында бірде-бір көше жоқтығына қынжылады. Азаматша қалалық әкімдікке ұсыныс тастаған. Өкінішке қарай, мардымды жауап ала алмапты.

Нурасыл Ахмет