ЖАНСҰЛУ БЕКЕНОВА, С.Мұқанов атындағы облыстық кітапхананың библиографы:
– Шараға шақырылған ақын-жазушылар жастарға оқырман болып қалай қалыптасқандарын айтып береді. Кітаптың пайдасы жайлы түсіндірме жұмыстарын жүргізеді.
Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Самрат Құскеновтің кітапты тұрақты түрде оқып жүргеніне 20 жылдан асыпты. Қазіргі таңда 3 авторлық туындысы бар. Спикердің сөзінше, кітапты тұрақты оқып жүрген баланың өмірге деген көзқарасы басқаша болады. Ол әрдайым алға ұмтылып жүреді. Сонымен қатар, рухани құндылықтарымызға бай жастар болашақта елін ойлайтын азамат шығады.
САМРАТ ҚҰСКЕНОВ, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі:
– Әлем әдебиетінде мойындалған туындыларды оқып, алған білімімді айналамдағылармен бөлісіп жүрмін. Мен үшін кітап – адамзаттың жан досы.
Шара ашық форматта өтті. Ұйымдастырушылардың сөзінше, осы сияқты жиындар мен викториналар арқылы жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттыруға болады.
НҰРӘЛІ МҰХАМЕДЖАН, студент:
– Ата-анам мен ата-әжем мені кішкентай кезімнен кітапқа баулыды. Қазір күніне кемінде 35 минут кітап оқимын. Қазіргі таңда “Абай жолының” 2-томын оқып жатырмын.
“Кітап білім бұлағы – білім өмір шырағы” деп қазақ тектен-тек айтпаған. Сондықтан саналы ұрпақ тәрбиелейміз десек, осы сияқты жиындарды көп өткізу керек, – деп санайды ақын-жазушылар.
Нурасыл Ахмет

