Петропавл полицейлері оқу жылының басталуына орай балалардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударып, қызықты акция ұйымдастырды. Тәртіп сақшылары көшеге түрлі түсті шарлар ұстап, аниматорлармен бірге шықты. Олар балаларға кешкі уақытта көшеде жүру тәртібі мен жолдан қалай дұрыс өту қажеттігін ойын түрінде түсіндіріп берді. Шенділер шара аясында түнде де рейдке шықты. Акция басталғалы балалардың түнде жалғыз жүруіне қатысты 50-ге жуық, ата-аналкардың өз міндетін дұрыс атқармауларына байланысты 5 жағдай анықталды. Тіпті екі жасөспірім түнгі клубтан табылған. Тәртіп сақшылары айыбы бар жандарға баланың қауіпсіздігі мен ата-ананың жауапкершілігі жайлы жіті қаперге салды.
Жаннур Бектурганова

