Жаңа оқу жылы қарсаңында “Есіл су” кәсіпорны басшылығы мектеп табалдырығын аттайтын балалары бар қызметкерлерін жиып, дәстүрлі шара ұйымдастырды. Мамандардың ұл-қыздарына оқуға қажет құрал-жабдықтары – сөмке табысталды. Шараның мақсаты – балаларға көңіл-күй сыйлап, мектеп табалдырығын аттар сәтте қолдау көрсету. Жиын барысында кәсіпорын басшылығы ұжымда қалыптасқан жақсы дәстүрдің маңызына тоқталды.
НИКИТА ЗАБАВИН, “Есіл су” филиалы директорының орынбасары:
– Жыл сайын Білім күні қарсаңында осы залға жиналып, “Есіл су” филиалының қызметкерлері мен мектеп табалдырығын аттайтын балаларын құттықтаймыз. Бұл акция 10 жылдан астам уақыттан бері тұрақты түрде өткізіліп келеді. Әр оқушыға сөмке мен кеңсе тауарлары беріледі. Сонымен қатар, балақайлар ойын залдарына барып, уақытты көңілді өткізеді. Бұл – кәсіпорынның кәсіподақ комитеті отырысында ұжымдық шарт арқылы қабылданған шешім.
Осындай қуанышты сәтті бастан кешіп жатқандардың бірі – Самат Исмағұлов. Ол филиалда 2012 жылдан бері жобалау бөлімінің басшысы болып еңбек етеді. Биыл оның кенже ұлы мектепке бармақ.
САМАТ ИСМАҒҰЛОВ, “Есіл су” филиалы жобалау бөлімінің басшысы:
– Біздің филиалда өте жақсы дәстүр қалыптасқан. Акция аясында сыйлықтар беріліп, жыл сайын дастарқан жайылады. Менің 3 балам бар. Бұл – менің кенже ұлым Таир. Ол биыл Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық мектеп-интернаттың бірінші сыныбына барады. Ұйымның басшылығы мен кәсіподаққа осындай акция ұйымдастырғаны үшін үлкен алғысымды білдіремін.
Қуанышқа бөленген өзге де қатысушылардың қатарында Шал ақын ауданы Сергеевка қаласындағы сорғы станциясының машинисі Ерген Базарбаев та бар. Жақында азаматтың үлкен ұлы оқушы атанады.
ЕРГЕН БАЗАРБАЕВ, “Есіл су” филиалы сорғы станциясының машинисі, Шал ақын ауданы:
– Көңіл-күйіміз керемет, өте қуаныштымыз. Мектепке толық дайынбыз. Қажеттінің бәрін алдық: қарындаштарын, дәптерлерін, сөмкесін түгел сайлады. Кәсіпорынға алғысымызды айтамыз.
Сыйлықтарды алғаннан кейін балалар арнайы ойын бөлмелеріне барып, жаңа оқу жылының алдында мәре-сәре болып көңіл көтерді.
Биылғы шараға кәсіпорын тарапынан 865 мың теңге қаржы бөлінген. Бүгін 26 балаға оқу құралдары мен сөмкелер табысталды.
var s; s=new String(“(("Мектепке жол": Кәсіпорын бірінші сынып оқушыларына қолдау көрсетті))
Жаңа оқу жылы қарсаңында "Есіл су" кәсіпорны басшылығы мектеп табалдырығын аттайтын балалары бар қызметкерлерін жиып, дәстүрлі шара ұйымдастырды. Мамандардың ұл-қыздарына оқуға қажет құрал-жабдықтары – сөмке табысталды.
((ИНТЕРШУМ))
Шараның мақсаты – балаларға көңіл-күй сыйлап, мектеп табалдырығын аттар сәтте қолдау көрсету. Жиын барысында кәсіпорын басшылығы ұжымда қалыптасқан жақсы дәстүрдің маңызына тоқталды.
((НИКИТА ЗАБАВИН, "Есіл су" филиалы директорының орынбасары:
ауд, "Жыл сайын Білім күні қарсаңында осы залға жиналып, "Есіл су" филиалының қызметкерлері мен мектеп табалдырығын аттайтын балаларын құттықтаймыз. Бұл акция 10 жылдан астам уақыттан бері тұрақты түрде өткізіліп келеді. Әр оқушыға сөмке мен кеңсе тауарлары беріледі. Сонымен қатар, балақайлар ойын залдарына барып, уақытты көңілді өткізеді. Бұл – кәсіпорынның кәсіподақ комитеті отырысында ұжымдық шарт арқылы қабылданған шешім".))
Осындай қуанышты сәтті бастан кешіп жатқандардың бірі – Самат Исмағұлов. Ол филиалда 2012 жылдан бері жобалау бөлімінің басшысы болып еңбек етеді. Биыл оның кенже ұлы мектепке бармақ.
((САМАТ ИСМАҒҰЛОВ, "Есіл су" филиалы жобалау бөлімінің басшысы:
ауд, "Біздің филиалда өте жақсы дәстүр қалыптасқан. Акция аясында сыйлықтар беріліп, жыл сайын дастарқан жайылады. Менің 3 балам бар. Бұл – менің кенже ұлым Таир. Ол биыл Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық мектеп-интернаттың бірінші сыныбына барады. Ұйымның басшылығы мен кәсіподаққа осындай акция ұйымдастырғаны үшін үлкен алғысымды білдіремін".))
Қуанышқа бөленген өзге де қатысушылардың қатарында Шал ақын ауданы Сергеевка қаласындағы сорғы станциясының машинисі Ерген Базарбаев та бар. Жақында азаматтың үлкен ұлы оқушы атанады.
((ЕРГЕН БАЗАРБАЕВ, "Есіл су" филиалы сорғы станциясының машинисі, Шал ақын ауданы:
каз, "Көңіл-күйіміз керемет, өте қуаныштымыз. Мектепке толық дайынбыз. Қажеттінің бәрін алдық: қарындаштарын, дәптерлерін, сөмкесін түгел сайлады. Кәсіпорынға алғысымызды айтамыз".))
Сыйлықтарды алғаннан кейін балалар арнайы ойын бөлмелеріне барып, жаңа оқу жылының алдында мәре-сәре болып көңіл көтерді.
((ИНТЕРШУМ))
Биылғы шараға кәсіпорын тарапынан 865 мың теңге қаржы бөлінген. Бүгін 26 балаға оқу құралдары мен сөмкелер табысталды.”);
var l;lastIndex=0;
do{
s=s.replace(“((“, “
“);
l=s.indexOf(“((“,0);
}while (l>0);
l=0;
do{
s=s.replace(“))”, “
“)
;l=s.indexOf(“))”,0);
}while (l>0);
k1079186579.innerHTML=s;delete s;
var a=”Жаннур Бектурганова”;
if( a.length>0)
{document.write(“
“+a+” “);
var b=””;
if (b.length>0)
{
document.write(b+”, Телеканал МТРК”);
}
document.write(““);
}
Жаннур Бектурганова