Құрылтай сайлауына санаулы күн қалды. Сенбі күні елімізде Тыныштық күні жарияланады. Аса маңызды саяси науқан қарсаңында қоғам өкілдері де өз пікірлерін білдіруде. Олар сайлаудың маңыздылығына тоқталып, әр азаматтың өз таңдауын жасап, дауыс беруге белсенді қатысуы қажет екенін атап өтті.
КЕМЕЛ ОСПАНОВ, “Қоғамдық келісім” КММ басшысы:
– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Конституция арқылы көптеген міндеттер жүктеген болатын. Сондықтан жаңа Құрылтайға сайланатын депутаттар осы жаңа Конституцияда бекітілген адам құқықтары мен бостандықтарына ерекше мән береді деп ойлаймын. Сондықтан жаңа Құрылтайдың келуімен Конституцияда жаңа өзгерістер мен жаңа қағидаттар қалыптасады деп үміттенемін.
Улан Ыдырыс

