Kurultai banner mobile

Қоғам

Бизнесті қолдау: биыл “Даму” қорының өңірдегі мобильді фронт-офисіне 200-ден астам адам жүгінген

“Даму” кәсіпкерлікті дамыту қоры” АҚ Президенттің тапсырмасымен іске қосылған шағын бизнесті қолдаудың “Іскер аймақ” бірыңғай бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан мобильді фронт-офистер жобасын дамытуды жалғастыруда. Мобильді фронт-офистердің жұмысы мемлекеттік қолдау шараларын кәсіпкерлер үшін барынша қолжетімді етіп, шалғайдағы қалалар мен ауылдарда жұмыс істейтін кәсіпкерлерге облыс орталықтарына бармай-ақ, бизнеске арналған қолданыстағы бағдарламалар бойынша кеңес алуға мүмкіндік беріп отыр. Мобильді фронт-офистер Қазақстанның барлық өңірінде жұмыс істейді. Жоба іске қосылғаннан бері Қор мамандары 2 439 бірегей кәсіпкерлік субъектісіне 2 657 консультация өткізді. Мобильді фронт-офистердің қызметіне жүгінгендердің қатарында солтүстікқазақстандықтар көп. Теріскейлік тұрғындар 220 консультация алған. Сонымен қатар, біздің өңірде бизнесті қолдау және сүйемелдеу орталығын іске қосу жоспарлануда.

СЕРІКБЕК САРЖАН, “Даму” кәсіпкерлікті дамыту қоры” АҚ СҚОФ директорының орынбасары:
– Бүгін «Кәсіпкерлік қолдау» орталығының, Солтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлер қауымдастығының және қаржы институттарының мамандары аудандарға шығып, кәсіпкерлермен тікелей кездесу өткізуде.Кездесу барысында кәсіпкерлер қолданыстағы мемлекеттік қолдау бағдарламалары мен қаржыландыру шарттары бойынша кеңес алып, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап ала алады. Бүгінгі таңда 200-ден астам консультация өткізіліп, облыстың барлық 13 ауданы қамтылды.

Улан Ыдырыс