Қоғам

Жүргізушілерді тәртіпке шақыратын ерекше акция

Жүргізушілерді тәртіпке шақыратын ерекше акция! Полицейлер «Оңтүстік» бақылау-өткізу бекетінде көлік тізгініндегі адамдарды тоқтатып, «Заң мен тәртіп» логотипі бейнеленген кофе ұсынды және жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтаудың маңызын еске салды. Сонымен қатар, осыған ұқсас шара қаладағы тамақтану орындарының бірінде өтті. Мұнда да ас-судың ыдысына күнделікті өмірдегі қауіпсіздікке қатысты қарапайым ескертулері бар стикерлер жабыстырылды. Өтімді сөз адамдарға бір сәт ойланып, жауапкершілікті ұғынуға мүмкіндік береді.

Аружан Султанова