Құрылтай депутаттарының сайлауына санаулы күн қалды. Қазақстан Республикасының жоғары өкілді органына кімдер өтеді? Қазір бұл сұрақ көпшіліктің көкейінде жүр. Алдағы жексенбіде ел тұрғындары дауыс беріп, жауапкершілік жүгі артылатын тұлғаларды таңдай алады. Қызылжар аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Абылхан Бижанов жалынды жастар төрден табылса дейді.
АБЫЛХАН БИЖАНОВ, Қызылжар аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы:
– Қазір жастардың кезеңі. Құрылтайда елдің болашағын ойлайтын, көзі ашық, білімді, ел мен жерді көрген, жаңа технологияларды меңгеріп, оны елімізге енгізе алатын жастардың болғаны маңызды. Осы мәселе өз орнын табады деп ойлаймын. Құрылтай – жаңа Конституцияның жүзеге асуының алғашқы қадамы.
Жансая Дербисова