Қоғам

Айыртау ауданында 36 жастағы балықшы құтқарылды

Құтқарушылар Айыртау ауданындағы Имантау көлінде жергілікті азаматқа көмек көрсетті. Балық аулау кезінде 36 жастағы ер адам отырған резеңке қайық қатты желдің салдарынан жағадан алыстап кеткен. Ол қанша тырысқанымен өздігімен жиекке жете алмапты. Тұрғынның әйелі жедел-құтқару жасағының қызметкерлеріне хабарласып, жолдасының қиын жағдайға тап болғанын айтқан екен. Мамандар дер кезінде көмек қолын созды. Ер адамға медициналық жәрдемнің қажеті болған жоқ.

Аружан Султанова