Қоғам

Теріскейлік спортшыларға алдағы сайлау жайлы айтылды

Петропавлдағы Үстел теннисі орталығында Құрылтай депутаттарын сайлауға арналған жиын өтті. Шараға спорт саласында жүрген азаматтар қатысты. Олардың алдына сайлауалды республикалық штаб өкілдері шықты. Кездесуде негізгі өзгерістер мен дауыс беру тәртібі тақырыптарында әңгіме өрбіді. Өз кезінде қатысушылар көкейде жүрген сұрақтарын да қойды.

БОЛАШАҚ ҚАПАБАЕВ, қазақ күресінен Петропавл қаласының бас бапкері:
– Қазақ күресінен бапкер болып жүргеніме 8 жылдан асты. Аталған спорт түріне ерекші көңіл бөлінуде. Бұл игі дәстүр жалғасын табады деп сенемін. Жерлестерімді 23-ші тамыз күні болатын сайлауға жаппай қатысуға шақырамын.

Көптен күткен науқанға 5 күн ғана қалды. Құрылтай депутаттарының сайлауына 7 саяси партия қатысады. Айта кету керек, үгіт-насихат жұмыстары 21-ші тамыз сағат 23:59-ға дейін жалғасады. 22-ші тамыз – тыныштық күні. Ал жексенбіде ел тұрғындары өз таңдауларын жасайды.

 

Улан Ыдырыс