Қоғам

Тәжірибе станциясының мамандары орақ науқанына кірісіп кетті

Қазіргі таңда өңірде жиым-терім науқаны қызу жүріп жатыр. Аққайың ауданында орналасқан СҚ ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясының мамандары да маңызды іске ерте бастан кірісіп кетті. Шаруашылықта орақ жұмыстары 31 шілдеде басталған. Бүгінде дәнді бұршақ дақылдары мен жасымық жиналған.

ВИТАЛИЙ ЗАИКА, СҚ ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы басқармасының төрағасы, Аққайың ауданы:
– Қазір тұқым ретінде себілетін арпаны жинауға кірістік. Сондай-ақ, бидайдың “Семёновна” және қатты бидайдың “Дамсинская янтарная” тұқымдарын жинап жатырмыз. Жалпы, биылғы өнімнің жағдайы жаман емес. Біз 17 мың гектардан астам жерге егін ектік. Оның 2 жарым мың гектарына малазықтық шөп отырғызылған. Қазіргі күні шөп шабу жұмыстары толық аяқталып, пішендеме мен сүрлем дайындалған.

Өткен жылы дәнді дақылдардың орташа өнімділігі гектарына 28 центнерді құраған. Биыл әзірге бұл көрсеткіш шамамен 20 центнер болып отыр. Егін жинауға 20-ға жуық комбайн комбайн жұмылдырылған.  Сонымен қатар, тәжірибе станциясының ғылыми бөлімі дәнді және малазықтық дақылдардың селекциясымен айналысады. Мамандар тиімділігі жоғары рапс, күнбағыс, жүгері секілді дақылдардың өнімділігін арттыру бағытында зерттеу жүргізуде. Тәжірибе соңғы 5 жылда тұрақты нәтиже беріп келеді.

ОЛЕГ СОЛОВЬЕВ, СҚ ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы басшысының орынбасары, Аққайың ауданы:
– Бүгінде дәнді дақылдардың бірнеше сортын шығардық. Олардың қатарында қазір қожалықтардың егістіктерінде өсіріліп жатқан “Семеновна” сорты, сондай-ақ “Чаглинская 23” бидай сорты бар. Қазіргі уақытта бұл сұрып мемлекеттік сынақтан өтуде. Биыл оған патент алдық. Қазір біз күздік тритикале алқабында тұрмыз. Оның екі сорты және күздік қара бидайдың бір сұрпы мемлекеттік сорт сынағына берілді. Фермерлер аталған дақыл түрлерінің айналымға енгенін асыға күтіп отыр.

Өңірде малазықтық дақылдарға сұраныс артып келеді. Осыған байланысты мамандар тритикалені өндіріске кеңінен енгізуге басымдық беруде. Құрғақшылыққа төзімді дақылдың өнімділігі тұрақты. Одан дән де, малға арналған жасыл жем де алуға болады.

ОЛЕГ СОЛОВЬЕВ, СҚ ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы басшысының орынбасары, Аққайың ауданы:
– Тритикале – теріскей үшін өте тиімді дақыл. Ол құрғақшылыққа төзімді әрі тыңайтқышты жақсы қабылдайды. Тритикалені көп мақсатта пайдалануға болады. Біз органикалық өндіріс бағытын да қолға алдық. Соңғы үш жылда органикалық тритикале, малазықтық дақылдар мен мал шаруашылығы бойынша зерттеу жүргізіліп келеді. Жыл сайын халықаралық талаптарға сай сертификаттаудан өтеміз.

Тәжірибе станциясы жылына 2 мың тоннадан астам элиталық тұқым өндіреді. Сәйкесінше өңірдің тұқымға деген сұранысын 20 пайызға жауып отыр.

var s; s=new String(“((Тәжірибе станциясының мамандары орақ науқанына кірісіп кетті))

Қазіргі таңда өңірде жиым-терім науқаны қызу жүріп жатыр. Аққайың ауданында орналасқан СҚ ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясының мамандары да маңызды іске ерте бастан кірісіп кетті. Шаруашылықта орақ жұмыстары 31 шілдеде басталған. Бүгінде дәнді бұршақ дақылдары мен жасымық жиналған.

((ВИТАЛИЙ ЗАИКА, СҚ ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы басқармасының төрағасы, Аққайың ауданы:
645 файл.
"Қазір тұқым ретінде себілетін арпаны жинауға кірістік. Сондай-ақ, бидайдың "Семёновна" және қатты бидайдың "Дамсинская янтарная" тұқымдарын жинап жатырмыз. Жалпы, биылғы өнімнің жағдайы жаман емес. Біз 17 мың гектардан астам жерге егін ектік. Оның 2 жарым мың гектарына малазықтық шөп отырғызылған. Қазіргі күні шөп шабу жұмыстары толық аяқталып, пішендеме мен сүрлем дайындалған".))

Өткен жылы дәнді дақылдардың орташа өнімділігі гектарына 28 центнерді құраған. Биыл әзірге бұл көрсеткіш шамамен 20 центнер болып отыр. Егін жинауға 20-ға жуық комбайн комбайн жұмылдырылған.

((Интершум))

Сонымен қатар, тәжірибе станциясының ғылыми бөлімі дәнді және малазықтық дақылдардың селекциясымен айналысады. Мамандар тиімділігі жоғары рапс, күнбағыс, жүгері секілді дақылдардың өнімділігін арттыру бағытында зерттеу жүргізуде. Тәжірибе соңғы 5 жылда тұрақты нәтиже беріп келеді.

((ОЛЕГ СОЛОВЬЕВ, СҚ ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы басшысының орынбасары, Аққайың ауданы:
Ауд: "Бүгінде дәнді дақылдардың бірнеше сортын шығардық. Олардың қатарында қазір қожалықтардың егістіктерінде өсіріліп жатқан "Семеновна" сорты, сондай-ақ "Чаглинская 23" бидай сорты бар. Қазіргі уақытта бұл сұрып мемлекеттік сынақтан өтуде. Биыл оған патент алдық. Қазір біз күздік тритикале алқабында тұрмыз. Оның екі сорты және күздік қара бидайдың бір сұрпы мемлекеттік сорт сынағына берілді. Фермерлер аталған дақыл түрлерінің айналымға енгенін асыға күтіп отыр".))

Өңірде малазықтық дақылдарға сұраныс артып келеді. Осыған байланысты мамандар тритикалені өндіріске кеңінен енгізуге басымдық беруде. Құрғақшылыққа төзімді дақылдың өнімділігі тұрақты. Одан дән де, малға арналған жасыл жем де алуға болады.

((ОЛЕГ СОЛОВЬЕВ, СҚ ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы басшысының орынбасары, Аққайың ауданы:
Ауд: "Тритикале – теріскей үшін өте тиімді дақыл. Ол құрғақшылыққа төзімді әрі тыңайтқышты жақсы қабылдайды. Тритикалені көп мақсатта пайдалануға болады. Біз органикалық өндіріс бағытын да қолға алдық. Соңғы үш жылда органикалық тритикале, малазықтық дақылдар мен мал шаруашылығы бойынша зерттеу жүргізіліп келеді. Жыл сайын халықаралық талаптарға сай сертификаттаудан өтеміз".))

Тәжірибе станциясы жылына 2 мың тоннадан астам элиталық тұқым өндіреді. Сәйкесінше өңірдің тұқымға деген сұранысын 20 пайызға жауып отыр.”);
var l;lastIndex=0;

do{
s=s.replace(“((“, “
“);
l=s.indexOf(“((“,0);
}while (l>0);
l=0;
do{
s=s.replace(“))”, “

“)
;l=s.indexOf(“))”,0);
}while (l>0);
k1363010188.innerHTML=s;delete s;
var a=”Улан Ыдырыс”;
if( a.length>0)
{document.write(“
“+a+” “);
var b=””;
if (b.length>0)
{
document.write(b+”, Телеканал МТРК”);
}
document.write(“
“);
}

Улан Ыдырыс