Kurultai banner mobile

Қоғам

СҚО-да диқандар 1 млн 122 мың тонна астық жинады

Теріскейде жиым-терім науқаны қызу жүріп жатыр. Биыл өңірде 4,4 млн гектардан астық жинау жоспарланған. Оның 2,9 млн гектарын дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар құрайды. Сонымен қатар, 1,3 млн гектарға – майлы, ал 254 мың гектарға мал азықтық дақылдар егілген. Бүгінде солтүстікқазақстандық диқандар 776,7 мың гектардан дән жинап үлгерді. Қазіргі күні қамбаға 1 млн 122 мың тоннадан астам өнім құйылды. Орташа өнімділік көрсеткіші 14,5 центнерді құрап отыр. Маңызды науқанға 7 мыңға жуық комбайн, 10 мыңнан астам трактор және 5,5 мың жүк көлігі қатысуда. Солтүстік Қазақстан облысында астық сақтау қоймаларының сыйымдылығы 6,9 млн тоннаны құрайды. Айта кетейік, биыл да шаруаларға мемлекет тарапынан зор қолдау көрсетілуде. Ағымдағы жылы облысымыздағы диқандарға 61,5 мың тонна жеңілдетілген дизель отыны бөлінді. Оның литріне белгіленген баға 309 теңгеден аспайды.

 

Улан Ыдырыс