Қоғам

Полицейлер «Ниваны» тізгіндеген жүргізушіні қуды

Құқық қорғаушылардан қара үзіп кетуді көздеді! Мамлют ауданында полицейлер «Нива» көлігін тізгіндеген жүргізушіні қуды. Мамандардың темір тұлпарға назар аударуына оның сыртқы түрі мен мемлекеттік тіркеу нөмірінің сәйкес келмеуі себеп болған. Рөлдегі азамат 42 жастағы Воскресеновка ауылының маңында тежегішті басты. Ол шенділердің тоқтау туралы талабынан «қорқып», бой тасалауға тырысқан. Заңды талапқа бағынбағаны үшін тәртіпсіз жерлесіміз 3 тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алуына мүмкін. Сонымен қатар, жалған мемлекеттік тіркеу нөмірін пайдаланғаны үшін де жауапкершілікке тартылады. Нақтырақ айтсақ, осы бұзушылық үшін 5 тәулікке дейін қамау және көлік басқару құқығынан 1 жылға айыру көзделген.

 

Байболат Култанов