Еліміздегі айтулы шара – Құрылтай депутаттарының сайлауына 5 күн қалды. Бұл – елдің саяси жүйесіндегі маңызды өзгерістердің бірі. Құрылтай сайлауының маңыздылығын ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы басқармасының төрағасы Виталий Заика да атап өтті. Оның айтуынша, жаңа құрылым маңызды шешімдердің жедел қабылдануына мүмкіндік береді.
ВИТАЛИЙ ЗАИКА, СҚ ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы басқармасының төрағасы:
– 23 тамыз күні еліміз үшін тарихи маңызы бар науқан өтеді. Келешекте халық пен билік арасындағы байланыс нығайып, ел үшін маңызды мәселелер дер кезінде шешімін табады деп сенемін. Сондықтан бұл сайлауды еліміздің жарқын болашағы үшін жасалған нық қадам деп есептеймін.
Жансая Дербисова