Айлакерлікке қарсы күрес! Облыс полициясының бастамасымен WhatsApp мессенджерінде зейнеткерлерге, білім беру және денсаулық сақтау саласының қызметкерлеріне арналған 3 топ құрылды. Қосылған 1 мыңнан астам адам күн сайын интернет-алаяқтыққа қатысты ақпарат пен кибералаяқтардың арбауына түсіп қалмауға көмектесетін пайдалы кеңестер алады. Қатысушылар кез келген уақытта жазып, сұрақ қоя алады. Топтарда полиция, прокуратура және мемлекеттік органдардың қызметкерлері бар. Тәртіп сақшылары профилактикалық кездесулер барысында жалпыға ортақ чаттарға қосылуға арналған QR-кодтарды таратуда. Осындай жұмыс Петропавлдағы Сәтбаев көшесінде өткізілген кең ауқымды іс-шара кезінде жүргізілді. Жалпы, жыл басынан бері алаяқтардан 363 адам зардап шеккен, оның 88-і – зейнеткер.
Байболат Култанов