Kurultai banner mobile

Қоғам

Аралағаш ауылындағы су мәселесі шешілді

Аққайың ауданына қарасты Аралағаш ауылында су құбырынан ақау шықты. Бұның себебі бірден анықталды. Биыл аудандық бюджеттен 7 млн теңге бөлініп, жаңартылған резервуар іске қосылған екен. Нәтижесінде қысым артқан. Осының әсерінен желінің кейбір жерлері сыр берген көрінеді. Ақау орын алған учаскеде 4 жұмысшы еңбек етті. Арнайы мамандар бұл мәселені дер кезінде қолға алып, өзекті мәселе шешімін тапты.

ОЛЬГА БУТЯЕВА, Аққайың аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы:
– Әрине, жаз мезгілінде су тарату желілеріне түсетін жүктеменің артуына байланысты апаттық жағдайлар жиі тіркеледі. Бірақ, су тарату желілері әлеуметтік маңызы бар объекті болғандықтан, бұл мәселе әрдайым бақылауда болады. Қазір ақау жойылып жатқан учаскеде құдықты судан босату үшін сорғымен шығару жұмыстары жүргізілді. Содан кейін жоспардағы жұмыс жүргізіледі.

Аралағаш ауылында 92 үй түтін түтетіп отыр. 350-ден астам адам тұрады. Ауыл әкімі Қайрат Бабақтың айтуынша, туындаған апат бірден жойылып отырады. Алдағы уақытта тұрғындарды таза ауыз сумен үздіксіз қамтамасыз ету үшін барлық жағдай жасалады.

ҚАЙРАТ БАБАҚ, Аралағаш ауылдық округінің әкімі, Аққайың ауданы:
– Бұған дейін су трассадан ешқандай сорғысыз, тікелей берілетін. Енді 150 куб резервуарға су жинап, ауылға үздіксіз беріп тұру үшін оны қалпына келтірдік. Суды насостар арқылы қысыммен берген кезде тарату құбырларының әр жерінен су ағып кетті. Қазір соны жөндеп жатырмыз. Резервуардың бәрі дайын, бұл жұмыстар біткен соң су әрқашан үздіксіз беріліп тұратын болады.

Ал ауыл тұрғындары болса, атқарылып жатқан жұмыстарға түсіністікпен қарап, жағдайдың біртіндеп түзеліп жатқанын айтады. Қазіргі таңда су құбыры толығымен жөнделді. Ауыл тұрғындарына тұтынуға болатын сапалы, таза ауыз су қайта берілді. Айта кету керек, Аққайың ауданында сумен жабдықтау объектілерін жаңғырту жұмыстары кешенді түрде жалғасуда. Мәселен, Смирново ауылында су мұнарасы жөнделді, ал Астраханка ауылында жақында ғана таза су резервуарын жөндеу жұмыстары аяқталды.

var s; s=new String(“((Аралағаш ауылындағы су мәселесі шешілді))

Аққайың ауданына қарасты Аралағаш ауылында су құбырынан ақау шықты. Бұның себебі бірден анықталды. Биыл аудандық бюджеттен 7 млн теңге бөлініп, жаңартылған резервуар іске қосылған екен. Нәтижесінде қысым артқан. Осының әсерінен желінің кейбір жерлері сыр берген көрінеді.

((ИНТЕРШУМ))

Ақау орын алған учаскеде 4 жұмысшы еңбек етті. Арнайы мамандар бұл мәселені дер кезінде қолға алып, өзекті мәселе шешімін тапты.

((ОЛЬГА БУТЯЕВА, Аққайың аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы:
ауд, "Әрине, жаз мезгілінде су тарату желілеріне түсетін жүктеменің артуына байланысты апаттық жағдайлар жиі тіркеледі. Бірақ, су тарату желілері әлеуметтік маңызы бар объекті болғандықтан, бұл мәселе әрдайым бақылауда болады. Қазір ақау жойылып жатқан учаскеде құдықты судан босату үшін сорғымен шығару жұмыстары жүргізілді. Содан кейін жоспардағы жұмыс жүргізіледі".))

Аралағаш ауылында 92 үй түтін түтетіп отыр. 350-ден астам адам тұрады. Ауыл әкімі Қайрат Бабақтың айтуынша, туындаған апат бірден жойылып отырады. Алдағы уақытта тұрғындарды таза ауыз сумен үздіксіз қамтамасыз ету үшін барлық жағдай жасалады.

((ҚАЙРАТ БАБАҚ, Аралағаш ауылдық округінің әкімі, Аққайың ауданы:
каз, 9557, 00:23-00:53 "Бұған дейін су трассадан ешқандай сорғысыз, тікелей берілетін. Енді 150 куб резервуарға су жинап, ауылға үздіксіз беріп тұру үшін оны қалпына келтірдік. Суды насостар арқылы қысыммен берген кезде тарату құбырларының әр жерінен су ағып кетті. Қазір соны жөндеп жатырмыз. Резервуардың бәрі дайын, бұл жұмыстар біткен соң су әрқашан үздіксіз беріліп тұратын болады".))

Ал ауыл тұрғындары болса, атқарылып жатқан жұмыстарға түсіністікпен қарап, жағдайдың біртіндеп түзеліп жатқанын айтады.

((БЛИЦ,
каз, "Бұл үйде 1978 жылдан бері тұрамыз. Әзірге ешқандай үлкен қиындық көрген жоқпыз. Судың қашан берілетін уақытын біліп, алдын ала қор жинап аламыз. Кейде тағам әзірлеуге, кір жууға ыңғайлы болу үшін үйге насос қойып алғанбыз, ол бізге өте үлкен көмек болып тұр. Қазір де бәрі жақсы, су келіп тұр, ешқандай шағымымыз жоқ"
каз, "Өзім осы уақытқа дейін сусыз отырған жоқпын. Керек кезде толтырып аламын. Ауылдық WhatsUp чатқа суды өшірмей тұрып хабар береді. Сондықтан өшірмей тұрып дайындалып аламын. Өзімде су болады"))

Қазіргі таңда су құбыры толығымен жөнделді. Ауыл тұрғындарына тұтынуға болатын сапалы, таза ауыз су қайта берілді. Айта кету керек, Аққайың ауданында сумен жабдықтау объектілерін жаңғырту жұмыстары кешенді түрде жалғасуда. Мәселен, Смирново ауылында су мұнарасы жөнделді, ал Астраханка ауылында жақында ғана таза су резервуарын жөндеу жұмыстары аяқталды.
“);
var l;lastIndex=0;

do{
s=s.replace(“((“, “
“);
l=s.indexOf(“((“,0);
}while (l>0);
l=0;
do{
s=s.replace(“))”, “

“)
;l=s.indexOf(“))”,0);
}while (l>0);
k79714602.innerHTML=s;delete s;
var a=”Жаннур Бектурганова”;
if( a.length>0)
{document.write(“
“+a+” “);
var b=”Матвей Колесников”;
if (b.length>0)
{
document.write(b+”, Телеканал МТРК”);
}
document.write(“
“);
}

Жаннур Бектурганова