Kurultai banner mobile

Қоғам

Татьяна Хасенова: “Дауыс берейік”

Солтүстік Қазақстан облысының белсенділері тұрғындарды алдағы сайлауда дауыс беруге шақырады. Олар таңдау жасау – әрбір адамның міндеті деп біледі. Солардың қатарында тайыншалық Татьяна Хасенова да бар.

ТАТЬЯНА ХАСЕНОВА, Тайынша аудандық мәслихатының депутаты:
– 23 тамызда Қазақстан Республикасы Құрылтайының сайлауы өтеді. Бұл – әрбір азаматтың қатысуын талап ететін маңызды қоғамдық саяси оқиға. Сіздерден сайлау учаскелеріне барып, өздеріңіз сенетін және іске мығым, жауапты кандидаттарға дауыс берулеріңізді сұраймын. Сіздердің сайлауға қатысуларыңыз – азаматтық ұстаным мен болашаққа деген қамқорлықтың айқын көрінісі. Барыңыздар және өз таңдауларыңызды жасаңыздар.

 

 

Байболат Култанов