Kurultai banner mobile

Қоғам

Жастарға отбасы құндылығы және заң жайлы айтылды

Отбасы – қоғамның негізгі тірегі. Осы құндылықты дәріптеу мақсатында Сәбит Мұқанов атындағы облыстық кітапханада «Заң және тәртіп» республикалық тұжырымдамасы аясында кездесу өтті. Оған мектеп оқушылары мен студенттер қатысты.

МАХАББАТ ШАЙКЕНОВА, СҚО ПД аға инспекторы:
– Бүгін жасөспірімдермен отбасылық құндылықтар тақырыбында кездесу өткіздік. Ашық диалог форматында отбасындағы сенім, құрмет, жеке шекаралар және өзара түсіністік туралы әңгімелестік. Басты мақсатымыз – жастарды бір-бірін тыңдауға, жақындарын бағалауға және қиын жағдайларда көмек сұраудан қорықпау керектігін түсіндіру.

Жастарға арналған кездесуде қатысушылар өз ойларын ортаға салып, түрлі сұрақтарға жауап алды. Отбасы құндылығы мен заң талаптарын сақтаудың қоғам үшін маңызын талқылады.

РАДМИР ИКСАНОВ, қатысушы:
– Бүгінгі кездесу маған ұнады. Мұндай кездесулерге әр адам қатысуы керек. Полиция қызметкерлері бізге түрлі қызықты сұрақтар қойды. Сол арқылы жақындарымның маңызын тағы бір түсіндім, заң тұрғысында білімімді арттырдым. Әр тұрғын өз құқықтары мен міндеттерін білуі маңызды деп ойлаймын.

Айта кету керек, жыл басынан бері қалалық жастар ресурстық орталығының бастамасымен «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында 190-нан астам іс-шара ұйымдастырылған. Мұндай кездесулер алдағы уақытта да тұрақты түрде өткізіледі.

 

Жансая Дербисова