Kurultai banner mobile

Қоғам

Сотталған нәзікжанды рақымшылық заңы аясында бостандыққа шықты

Ата заңдағы өзгерістерге сәйкес, қазір жазасын өтеп жатқан адамдардың бірқатары бостандыққа шығып жатыр. Бүгін мұндай қуанышқа Надежда да бөленді. 48 жастағы нәзікжанды 2024 жылы ұрлық жасап, темір торға қамалған. Жақсы тәртібі үшін мекеме әкімшілігінен бірнеше рет мадақтау алған екен. Осындай нәтижелері үшін рақымшылыққа ілігіп отыр.

НАДЕЖДА,
– Мекемеде жүргенде жөке тоқуды үйреніп, жұмыс істедім. Іс-шараларға белсене қатыстым. Үйге тез қайтқым келді. Кітап оқыдым, психологпен сөйлестім. Барлығын қайта ой елегінен өткіздім. Бұл – мен үшін өмірлік сабақ, бірінші әрі соңғы қателігім. Ендігі мақсатым – отбасыммен, немерелеріммен өмір сүріп, адал еңбек ету. Рақымшылыққа іліккеніме қатты қуаныштымын. Барлығына айтарым, мен сияқты қателіктер жасамаңыздар! Жейтін нанды адал еңбекпен табыңыздар!

Қазіргі таңда №50 әйелдер колониясында Надежда сияқты 300-ге жуық нәзікжанды жазасын өтеп жатыр. Рақымшылық бас бостандығынан айырылғандарға түзеліп, қоғамға толыққанды оралуға үлкен мүмкіндік береді. Жауапты мамандардың айтуынша, бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын табады.

АЗИЗА МҰҚАНОВА, СҚО бойынша ҚАЖД №50 мекемесінің аға инспекторы:
– Рақымшылыққа легу үшін сотталғандардың тәртібі оң дәрежеде болу қажет. Яғни, мекемеде орналасқан кезде ешқанадай тәртіп бұзушылық тіркелмеу қажет”, 00:35-00:40 “Ауыр және аса ауыр қылмыс бойынша сотталғандар рақымшылыққа іліге алмайды.

Қазіргі таңда облыс бойынша амнистияға леккердің саны 60 адамды құрайды. Олардың 16-сы мерзімінен бұрын босатылды.

Жаннур Бектурганова