Биыл облыстың медициналық ұйымдарында травматология желісі бойынша 869 операция жасалған. Маңызды іске міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде 287 млн теңгеден астам қаржы бөлініпті. Ем алушылардың 461-і ересектер болса, қалғаны – 18 жасқа дейінгі балалар. Орташа есеппен бір операцияның құны шамамен 330 мың теңгені құрайды. Ал өткен жылғы дерекке сүйенсек, былтыр травматология бейіні бойынша аймақты жалпы құны 591 млн теңгеден астам қаржыға 1 622 ота жасалған. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында операциялар тек сақтандырылған азаматтарға қолжетімді.
Аружан Султанова

