Kurultai banner mobile

Қоғам

Облыс жолдарында 1000-нан астам бұзушылық тіркелді

10-12 тамыз күндері аралығында облыста “Қауіпсіз жол” жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті. 3 күннің ішінде полицейлер өңірде 1100-ден астам құқық бұзушылықты анықтаған. Шара барысында шенділер патрульдеумен қатар, бейнебақылау камералары мен ұшқышсыз ұшу аппараттарын да пайдаланды. Жүргізушілер көбіне жолаушылар мен жүктерді тасымалдау талаптарын бұзған және қауіпсіздік белдігін тақпаған. Айта кету керек, профилактикалық бастама аясында тәртіп сақшылары тұрғындармен тілдесіп, түсіндірме жұмыстарын да жүргізді. Көлік жүргізу кезінде телефон пайдаланатын жүргізушілер де көп кездескен. 3 күннің ішінде мұндай 197 факті анықталыпты. Оның 30 пайызы облыс орталығында тіркелген. Сонымен қатар, полицейлер балаларды қауіпсіздік белдігінсіз тасымалдаған 37 адамға айыппұл салды. Айта кету керек, жыл басынан бері аймақта жол-көлік оқиғалары салдарынан 90 бала зардап шекті.

САЯТ ДҮЙСЕНБИН, СҚО ПД патрульдік полиция батальонының взвод командирі:
– Бұл шара арқылы жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін сақтауға шақырамыз. Есіңізде болсын, жол қозғалысы ережелерін сақтау – жол қауіпсіздігінің кепілі!

“Қауіпсіз жол” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында полицейлер 14 мас жүргізуші анықтады. Сонымен қатар, қарсы қозғалыс жолағына шығудың 7 фактісі тіркелді.

 

Нурасыл Ахмет