Kurultai banner mobile

Қоғам

Қозыбаев университетінің студенттері Германиядан оралды

Қозыбаев университетінің «Агрономия және орман шаруашылығы» кафедрасының 3 студенті Германиядан оралды. Олар сәуір мен шілде айлары аралығында өткен өндірістік тәжірибеге қатысты. Жалынды жастар шекара сыртында баға жетпес білім алған.

ФАРИЗА МҰҚАНОВА, М.Қозыбаев атындағы СҚУ кафедра меңгерушісі:
– Қозыбаев университетінің 3 студенті “Вайнштефан-Триздорф” университетінде арнайы академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша теориялық білім алды. Енді “Class” компаниясымен бірлескен арнайы компанияларда тәжірибеден өтетін болады. Олар нақты жұмысқа қабылданады.

 

Кездесу барысында жоба үйлестірушісі мен студенттер атқарған жұмыстары бойынша ақпараттық презентация ұсынды. Әзірлеген жұмыс
4 айды қамтиды. Нияз Сатыбалды биыл 4-ші курсқа көшпек. Ол болашақта ауыл шаруашылығы саласының білікті маманы атанып, еліміздің дамуына үлес қоссам дейді.

НИЯЗ САТЫБАЛДЫ, М.Қозыбаев атындағы СҚУ студенті:
– Мен оқу, жұмыс және өндірістік тәжірибе кезінде көп ақпарат жинадым. Бұл үлкен жоба өзіме және әріптестерім үшін өте пайдалы болды. Сабақтар ағылшын тілінде өтті. Осының арқасында деңгейімді көтердім.

Кездесу соңында университет ректоры Ербол Исақаев студенттерге құрмет ретінде Манаш Қозыбаевтың энциклопедиясын және университет атауы жазылған арнайы күртелерді сыйға тартты.

Аружан Султанова