Жыл басынан бері облыста 68 адамнан туберкулез анықталған. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 19 пайызға төмен. Былтыр қауіпті дерт 85 жерлесімізден табылыпты. Аурудың таралу көрсеткішінің төмендеуіне бірден-бір себеп – індетті уақытында анықтау. Биыл өңірде 73 мыңнан астам теріскейлік флюрографиялық тексеруден өткен. Нәтижесінде 52 адам жұқпалы аурудың белгілерімен дәрігерлердің бақылауына алыныпты. Науқастардың 47-сі қауіптілік деңгейі жоғары адамдар тобына жатады. Облыстық фтизиопульмонологиялық орталық берген мәліметке сүйенсек, дертке шалдыққан жандардың 80 пайызы амбулаториялық жағдайда ем қабылдауда.
Нурасыл Ахмет

