Тамыздың 23-ші жұлдызына белгіленген сайлау – әрбір азаматтың тағдырына тікелей әсер ететін маңызды саяси оқиға. Қазақстандықтар халықтың әл-ауқатын арттырып, өмір сапасын жақсартатын заңдарды қабылдайтын болашақ депутаттарды таңдайды. Бұл науқаннан бірде-бір адам шет қалмауы керек.
РУСЛАН АСАУБАЕВ, Қызылжар аудандық мәслихатының депутаты:
– Сайлау тамызда болатынын наурызда білдік. Барлық партиялардың дайындыққа уақыты жеткілікті болды. Бұл өз бағдарламаларын халыққа сапалы түрде ұсынуға мүмкіндік берді. Біздің өңірде егде жастағы азаматтар әдеттегідей сыртта қалмай, дауыс береді деген сенімдемін. Жастарға жеке тоқталғым келеді. Жастар – елдің келешегі. Болашақта елді дамытып, көркейтетін бүгінгі ұл-қыздарымыз. Ал келе жатқан Құрылтай сайлауы – олар үшін мемлекеттік деңгейдегі іске араласу жолындағы алғашқы қадамдардың бірі. Баршаңызды сайлау участкілеріне келіп, дауыс беруге шақырамын.
Естеріңізге сала кетейік, Құрылтай 8 комитет пен 145 мандаттан тұрады. Депутаттыққа 545 адам үміткер. Халық қалаулылары тек 5 жылға сайланады. Бұл олардың қоғам алдындағы жауапкершілігін арттырып, тұрғындардың үнін билікке жеткізуге мүмкіндік береді.
Жаннур Бектурганова

