Kurultai banner mobile

Қоғам

Петропавлда волонтерлерге арналған фестиваль өтті

Петропавлда Халықаралық жастар күніне орай волонтерлер мен белсенді жастарға арналған “Birgemiz Fest” атты фестиваль өтті. Іс-шараның мақсаты – Солтүстік Қазақстан облысында еріктілер қозғалысы мен кейінгі толқын бастамаларын қолдау, белсенді ұл-қыздардың еңбегін атап өту, сондай-ақ тәжірибе алмасу.

ДАЯНА БАЙМҰҚАНОВА, “Штаб JE SKO” ҚБ төрағасы:
– Бүгінгі шараға 80-ге жуық жас қатысады. Іс-шараға 13 ауданнан делегаттар келді. Бағдарлама қызықты болатынына сенімдімін. Басқосу барысында түрлі интерактивті ойындар ұйымдастырылады. Сонымен қатар, жаңа Конституцияға, “Таза Қазақстан” акциясы аясындағы жұмыстарға да аса мән береміз.

 

Іс-шара ұйымдастырушылары қатысушыларға түрлі интерактивті ойындар, тренингтер мен шеберлік сабақтарын өткізді. Шақырылған жастар белсенділік танытты. Мұндағы жастардың басым бөлігі әлеуметтік желілер арқылы жұмыс істейді. Сондықтан бағдарламаның негізгі бағыты – “Мобилография және контент-мейкинг”. Оның барысында медиа саласының жілігін шағып, майын ішкен мамандар білген-түйгендерімен бөлісті. Қатысушылардың арасында өзін белсенді көрсеткендердің бірі – Алмагүл Нұрқанова. Ол фестивальге Ғ.Мүсірепов ауданынан арнайы келіп отыр.

АЛМАГҮЛ НҰРҚАНОВА, қатысушы, Ғ.Мүсірепов ауданы:
-Ғ.Мүсірепов ауданындағы “Жүректен жүрекке” атты волонтерлік қозғалыстың жетекшісі боламын. Мен үшін бұндай іс-шаралар ерекше маңызға ие. Фестивалде шеберлік сабақтарынан өтіп, тәжірибе алмасуға болады. Бұндай басқосулар бірлігімізді де нығайтады.

Шара соңында 30-дан астам адамға өңірдегі жастар саясатына елеулі үлес қосқандары үшін Алғыс хаттар, сертификат пен бағалы сыйлықтар табысталды.

 

Аружан Султанова