Петропавлда құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған кезекті рейд ұйымдастырылды. Нәтижесінде полиция қызметкерлері түнгі уақытта көшеде жүрген 10 жасөспірімді тоқтатты. Олардың үшеуі 16 жасқа толмағаны белгілі болды. Барлық ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылді. Тексеріс кезінде кейбір ата-ананың мұндай бұзушылыққа жыл ішінде қайтадан жол бергені анықталды. Сонымен қатар, мамандар профилактикалық есепте тұрған 95 адамды тексерді. Сот шешімімен алкогольдік ішімдіктерді тұтынуға тыйым салынған 2 петропавлдық мас күйде болды. Олар мінез-құлыққа қойылған ерекше талаптарды бұзғаны үшін тиісті заң аясында жазаланды.
Байболат Култанов

