Айыртау ауданындағы Имантау көлінде Ресей Федерациясының төрт азаматы құтқарылды. Олар отырған резеңке қайықты қатты жел мен биік толқын қауіпті аумаққа қарай ығыстырған. Жағалауға өздігімен жете алмайтынын түсінген ер адамдар құтқару кеудешелерін киіп, көл жағасына жүзіп жетпен болған. Алайда, демалушыларға ауа райы жағдайы кедергі келтіріпті. Шұғыл хабарлама алған мамандар жедел түрде оқиға орнына барып, қонақтардың барлығын аман алып шықты. Құтқарылғандарға медициналық көмек қажет болмады.
Байболат Култанов

