Тарихи оқиға таяп қалды! Еліміздегі айтулы шара – Құрылтай депутаттарының сайлауына 10 күн қалды. Тамыздың 23-і күні өтетін саяси науқанға Ақжар ауданының тұрғындары да белсенді қатысып, өз таңдауларын жасауға ниетті. Солардың бірі – Сәкен Закарин. Ол көзі ашық, көкірегі ояу азаматтарды қатарға қосу арқылы еліміздің кемел әрі жарқын болашағына үлес қосамыз деп біледі.
СӘКЕН ЗАКАРИН, Ақжар аудандық мәдениет үйінің директоры:
– Құрылтайда көтерілген бастамалар жүзеге асырылып, еліміздің дамуына және халықтың әлеуметтік әл-ауқатының артуына ықпал етеді деп сенеміз. Сондықтан, баршаңызды 23-ші тамыз күні өтетін сайлауға шақырамыз!
Улан Ыдырыс

