Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы кәсіпкерлерді, тауар өндірушілерді, квазимемлекеттік сектор өкілдерін және белсенді азаматтарды байқауға қатысуға шақырады.
🎯 Байқаудың мақсаты – мемлекеттік тілдің қазақстандық қоғам бірлігін нығайтудың аса маңызды факторы ретіндегі рөлін арттыру, мемлекеттік тілдегі жарнама мәтінін сауатты ресімдеу жолдарын насихаттау, «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңы талаптарының орындалуын қадағалау және осы бағытта белсенділік танытып жүрген азаматтарды ынталандыру.
👥 Қатысушылар:
✅ шағын, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілер;
✅ тауар өндірушілері;
✅ квазимемлекеттік сектор өкілдері;
✅ жарнама мәтіндеріндегі тілдік қателерді анықтап, оларды түзетуге атсалысып жүрген азаматтар.
📅 Өтінімдер 2026 жылғы 16 тамызға дейін қабылданады.
📍 Байқаудың өтетін күні: 2026 жылғы 21 тамыз.
📞 Байланыс ақпараты:
☎️ 8 (7152) 36-04-49
📧 uprk@sko.gov.kz
Сауатты көрнекі ақпаратты бірге жасайық!

