Азаматтарды Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаменті қызметке шақырады. Қазір мұндағы мамандар заман игіліктерін кеңінен қолданады. Олардың қатарында интеллектуалды бейнебақылау жүйелері, “Кибер-шериф” аппараттық-бағдарламалық кешені, пилотсыз ұшу аппараттары, деректерді цифрлық өңдеу жүйелері сынды технологиялар бар. Осыларды пайдалану үшін органға техникалық, аналитикалық және цифрлық дағдылары жетік меңгерген мамандар қажет.
РАХАТ ДАЛАБАЙ, Петропавл қалалық ПБ мемлекеттік автоинспекторы:
– Облыстық полиция департаменті ҚР Ішкі істер органдарына қызметке қабылдау жүргізіліп жатқанын хабарлайды. Шенділерге мансаптық өсу мүмкіндігін, жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын және заңнамада көзделген басқа да әлеуметтік кепілдіктерді ұсынамыз.
Сонымен қатар, тұрақты жалақы төленеді, тұрғын үй төлемі мен олардың отбасы мүшелеріне арналған өзге де әлеуметтік кепілдіктер қарастырылған. Жұмысқа орналасу үшін ниетті адам “qyzmet-police.kz” платформасына тіркеліп, түйіндемесін енгізу қажет. Цифрлық жүйе кандидаттың біліміне сәйкес бос орындарды автоматты түрде ұсынады.
РАХАТ ДАЛАБАЙ, Петропавл қаласы ПБ мемлекеттік автоинспекторы:
-Егер сіз қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және азаматтардың құқықтарын қорғауға дайын болсаңыз, сізді полиция қатарына қосылуға шақырамыз.
Полицияға жұмысқа орналасқысы келетін жандар тұрғылықты жері бойынша полиция бөліміне немесе Алматы көшесі, 55 мекен жайында орналасқан департаменттің жеке құраммен жұмыс басқармасына жүгіне алады. Анықтама телефондары: 8 (7152) 612-612 және 61-26-57
Жансая Дербисова

