Kurultai banner mobile

Қоғам

СҚО-да өрттен екі бала құтқарылды

Мағжан Жұмабаев ауданында өрттен екі бала құтқарылды. Жаға ұстатарлық жағдай Возвышенка ауылында болды. Мұндағы жеке тұрғын үйдің заттар сақталатын бөлмесі жанған. Төтенше жағдайлар қызметкерлері шақыру нүктесіне келген кезде баспана ішінде ешкімнің қарауынсыз қалған 2021 және 2023 жылғы балаларды анықтаған. Ал үйдің кіреберіс есігі сыртынан жабулы тұрыпты. Құтқарушылар періштесі қаққан бүлдіршіндерді дереу қауіпсіз жерге шығарды, кейін отты сөндірген. Қазіргі таңда өрттің шығу себебі анықталуда.

 

 

Нурасыл Ахмет