Kurultai banner mobile

Қоғам

Сирек кездесетін ауруға шалдыққан бала дәрімен қамтылды

Мағжан Жұмабаев ауданының тұрғыны сирек кездесетін ауруға шалдыққан балаға дәрі ала алмаған. Науқас қан кетуге және теріде көгеріп кету белгілеріне әкелетін иммундық жүйенің дерті бойынша диспансерлік есепте тұрған екен. Мәселені шешу үшін жерлесіміз «Құқықтық дәріхана» республикалық әлеуметтік акциясы аясында прокурорларға жүгінді. Аудандық қадағалаушы орган өкілдері аудандық аурухананың директорымен бірлесіп, ем алушыны «Элтромбопаг» препаратымен қамтамасыз етті. Аталған дәрінің құны 200 мың теңгені құрайды. Акция барысында 142 азамат қабылданды. Жалпы, ағымдағы жылдың басынан бері облыс прокуратурасы «Құқықтық дәріхана» жобасы аясында 2 мыңнан астам адамға құқықтық көмек көрсетті.

 

Жансая Дербисова