Kurultai banner mobile

Қоғам

Петропавлдағы №2 ХҚКО уақытша жұмысын тоқтатады

13 тамыздан бастап Петропавлдағы қалалық №2 халыққа қызмет көрсету орталығы уақытша жұмысын тоқтатады. Бұған себеп – Конституция көшесі, 72 мекенжайы бойынша орналасқан мемлекеттік мекемеде жөндеу жұмысының жүргізілуі. Жоспардағы шаруа аяқталғанға дейін тұрғындар Әуезов көшесі, 157 мекенжайындағы №1 халыққа қызмет көрсету орталығында қызмет алады. Орталық келушілерді жұмыс күндері 9:00-ден 20:00-ге дейін, ал сенбіде таңғы 9-дан түскі 1-ге дейін қабылдайды. Мамандандырылған бөлім өз жұмысын қайта жалғастырған соң, бұл туралы қосымша хабарланатын болады.

 

Жаннур Бектурганова