Kurultai banner mobile

Қоғам

Петропавлда алпысқа таяған ер адам терезеден құлады

Облыс орталығында алпысқа таяған ер адам терезеден құлады. Өкінішке қарай, дәрігерлер ауыр жарақаттанған азаматты ажал аузынан құтқара алмады. Қайғылы оқиға тапа-тал түсте Крепостной көшесі бойындағы үйлердің бірінде болған. Марқұм 7-ші қабаттан құлаған. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері жайсыз жайттың мән-жайын анықтап жатыр. Айта кету керек, жыл басынан бері Петропавлда 11 адам терезеден құлаған. Оның басым бөлігі – оң-солын танымаған балалар.

Жаннур Бектурганова