Kurultai banner mobile

Қоғам

Комбайн өрттеніп кетті

Айыртау ауданында алқаптағы астықты жинап жүрген комбайн өрттеніп кетті. Жайсыз жайт Арықбалық ауылы маңында орын алды. Қуанышымызға орай, ешкім зардап шекпеді. Оқыс оқиға орнына өрт сөндірушілер жедел жеткен. Мамандар қызыл жалынды аз уақыттың ішінде сөндіріп, одан әрі таралуына жол берген жоқ. Қауіптің алдын алуға «Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі Шалқар филиалының қызметкерлері де қатысты. Қазіргі таңда тілсіз жаудың шығу себебі анықталып жатыр.

 

Байболат Култанов