Kurultai banner mobile

Қоғам

Алма Нұрғалиева: “Сайлаудан кейін халық пен билік арасындағы сенім одан әрі нығая түседі”

Құрылтай сайлауы мемлекетіміздің дамуына, қоғамның әл-ауқатына және елдің болашағына тікелей әсер етеді. Бұл – әр азаматтың өз таңдауын жасап, мемлекеттің алдағы даму бағытын айқындайтын саяси науқан. Қызылжар аудандық білім бөлімінің басшысы Алма Нұрғалиева жауапты сәтте халықтың пікірі ескерілетініне қуанышты. Ол алдағы сайлауға жерлестеріміздің белсенді қатысқанын қалайды.

АЛМА НҰРҒАЛИЕВА, Қызылжар аудандық білім бөлімінің басшысы:
– 23-тамыз күні бәріміз бірге ел тағдырын шешеміз. Сондықтан сайлауға тұрғындар жаппай қатысуы керек деп ойлаймын. Менің ойымша, халық таңдаған депутаттар мемлекеттегі өзекті мәселелерді шешіп, тың жобаларды жүзеге асырады. Науқаннан кейін халық пен билік арасындағы сенім одан әрі нығая түседі.

Жансая Дербисова