Қоғам

Жарты жылда Қазақстанда 1,5 млн-нан астам төлқұжат пен жеке куәлік рәсімделді

2026 жылдың бірінші жартыжылдығында қазақстандықтарға 1,5 миллионнан астам жеке куәлік пен төлқұжат берілді. Ең жоғары сұраныс дәстүрлі түрде демалыс пен саяхат маусымына тұспа-тұс келіп, маусым айында 269 мыңнан астам құжат рәсімделді. Төлқұжатты тіркелген жеріңізге қарамастан, Қазақстанның кез келген халыққа қызмет көрсету орталығында рәсімдеуге болады. Төлқұжатты алғаш рет алу үшін жеке куәлікті ұсыну жеткілікті. Егер жарамдылық мерзімі аяқталуға жақын болса, оны алдын ала ауыстырған жөн. Ал жеке куәлікті алғаш рет алған кезде және оның қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін ауыстырған жағдайда мемлекеттік баж алынбайды. Құжат жоғалған жағдайда мемлекеттік баж мөлшері 865 теңгені құрайды. Қажет болған жағдайда жеке куәлікті де жеделдетілген тәртіппен рәсімдеуге болады. Ол үшін қолданыстағы жеделдік санаттарының бірін таңдауға болады.

Аружан Султанова