Kurultai banner mobile

Қоғам

Облыстық онкологиялық орталықтың емханасы жөнделді

Embeds for YouTube: No video/playlist ID has been supplied

[Облыстық онкологиялық орталықтың емханасы жөнделді/youtube]

Облыстық онкологиялық орталықтың емханасында күрделі жөндеу жұмыстарының екінші кезеңі аяқталды. Бұл мекеме 1986 жылы қолданысқа берілген. Соңғы рет сонау 2001 жылы қалыпқа келтіріліпті. 2025 жылы емдеу орнының сол жақ қанаты қайта жаңғыртылған. Ал биыл өзге бөлігінде ауқымды жұмыс атқарылды.

ЕРБОЛ УАХИТОВ, СҚО онкологиялық орталықтың директоры:
– Биыл емхананың оң жақ қанаты мен химиотерапия бөлімшесі жөндеу көрді. Ағымдағы жылы атқарылған жұмысқа 224 млн теңге бөлінді. Ендігі жылы хирургиялық бөлімше қайта жаңғыртылады. Оған 350 млн теңге бағытталады.

Облыстық онкологиялық орталықта 300-ден астам адам жұмыс істейді. Олар мұнда 2 апта бұрын ғана көшіп келген. Мекеме қызметкерлерінің сөзінше, нысанның іші адам танымастай өзгерген.

ЕРҚАНАТ БАЙТҰРСЫН, СҚО онкологиялық орталығы емханасының меңгерушісі:
– Биылғы жұмыстар наурыз айында басталды. Емхана іші өзгерді. Жұмыс істеуге қолайлы.

Емхананың қайта жаңғыртылғанына тек қызметкерлер емес, емделушілер де қуанышты. Олар күрделі жөндеу жұмыстарының нәтижесінде қызмет көрсету сапасы жақсаратынына сенеді. Айта кету керек, аталған емханадағы күрделі жөндеу жұмыстарына облыстық бюджеттен 680 млн теңге бөлінген. Бұл – ауқымды істің 3 кезеңіне бағытталған қаржы.

 

 

Нурасыл Ахмет