Дәрігерлер солтүстікқазақстандықтың саусақтарына жан бітірді. Жылдар бойы көлік жүргізушісі болып қызмет ететін Андрей Гаврилов ақ халатты абзал жандарға жүгінген. Жерлесіміз саусақтары ұйып, олардың қимыл-қозғалысы қиындағанын айтқан екен. Мамандар тиісті тексерулерден соң Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында ақысыз негізде 2 операция жасады. Аса қажет болған отаның уақыт 30 минуттан 1 сағатқа дейін созылды. Науқастың денсаулығы жақсарды, петропавлдық жақын арада үйіне шығарылады.
Жансая Дербисова

