Kurultai banner mobile

Қоғам

Аққайың ауданында Абай шығармашылығы ұлықталды

Абай күніне орай Аққайың аудандық кітапханасы «Абай – қазақтың бас ақыны» атты әдеби-ағартушылық іс-шара өткізді. Тағылымы терең басқосу “Оқитын өңір” бағдарламасы аясында ұйымдастырылды. Ашық аспан астындағы жиында тұрғындарға, ата-аналар мен оқушыларға кітап көрмесі таныстырылды. Онда Абай Құнанбайұлының өлеңдері мен поэмаларының жинақтары, әйгілі «Қара сөздері» болды. Сөз алғандар ұлы ойшылдың маңызы жайлы пікір білдірді. Олар кемеңгердің даналығы, сіңірген еңбегі және өткен мен бүгін турасында кеңінен айтты.

 

Аружан Султанова